Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Коннекторлар дегеніміз не?



· Коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді компьютерлерге қосатын коннекторлар; кабельдердің бөліктерін қосатын алмалы-салмалы ажыратқыштар.

· 67. Жүйелік интерфейсті адаптерлер дегеніміз не? Жүйелік интерфейсті адаптерлер мәліметтерді қабылдау мен жөнелтуге арналған. Мәлімметтер беру ортасына кіру белгілі бір протоколға сәйкестендіріле отырып жүзеге асырылады. Олар жүйеге қосылған компютерлердің жүйелік блоктардың қондырылады. Адаптерлердің алынып-салыныпажыратқыштарына жүйелі кабель қосылады.

· Трансиверлер мәліметтерді кабель бойынша жіберу сапасының мөлшерін арттырады, жүйеден келіп түскен ескертпелер мен келіспеушілікті табу үшін жауап береді.

· Қайталамалар (репитеры) кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді.

Локальды жүйелерді біріктіре қосу үшін өзара жүктелген міндеттері мен мүмкіндіктері бойынша ерекшеленетін төмендегідей қондырғылар пайдаланады:

Көпір (англ.· Brіdge) — екі локальды жүйені байланыстырады. Жүйе араларындағы мәліметтерді өзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі. Көпірлер барлық жүйелерді локальды мәліметтер легінен сақтай отырып пакеттерді фильтрден өткізе алады (сүзеді) және де тек басқа жүйе сегменттеріне арналған ақпараттарды жібереді.

68. Хабтар дегеніміз не? • Хабтар (концентраторлар) коммутирлік хабтар (коммутаторлар) компьютерлік жүйелердің топологиялық, функционалдық және жылдамдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Әр типті хаб әр алуан кабельді системалар жүйесінің сегменттерін (учаскелерін) біріктіруге мүмкіндік береді. Хаб портына жеке торды да, сондай-ақ басқа хабты да немесе кабельдің сегментін (учаскесін) қосуға болады.

69. Маршрутизатор дегеніміз не? Маршрутизатор (англ.• Router) жалпы протокол мен жүйелерді көпірге қарағанда тиімді біріктіреді. Ол, мысалы үлкен хабарламаларды өте ұсақ бөлшектерге бөлуге мүмкіндік туғызады да осынысы арқылы әр түрлі көлемдегі пакеттері бар локальды жүйелердің өзара әрекеттерін қамтамасыз етеді.

Маршрутизатор пакеттерді белгілі мекен-жайға жібере алады, (көпірлер тек қажетсіз пакеттерді фильтрлейді (сүзеді) пакеттердің адресін табуына өте жақсы жол және басқа да әрекеттер таңдайды. Жүйелер күрделі, әрі көп болса, маршрутизаторды қолданудың пайдасы өте мол.

Көпірлік маршрутизатор (англ.• Brouter) — бұл көпір мен маршрутизатордың гибриді. Ол мүмкін болған жерде алдымен маршрутты орындауға талпынады, ал содан соң сәтсіз жағдай бола қалса көпір тәртібіне (режиміне) көшеді.

70. Шлюз дегеніміз не? Шлюз (англ.• GateWay), Шалюздың көпірден өзгешелігі – біріктірілетін жүйелер протоколдарының әр түрлілігінде. Бір шалюзден түскен хабарлама екіншісіне сол жүйенің талаптарына сәйкестендіріліп өзгереді. Сөйтіп, шалюздер жүйелерді біріктіріп қана қоймай біріңғай жүйе ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады. Локальды жүйелер де шалюздің көмегімен универсалды (жан-жақты) қуаты күшті компьютерлерге – мэйнфреймдерге қосылады. Сымсыз жүйелер кабель өткізуге қиынға соғатын, пайдасыз немесе тіпті мүмкін болмаған жағдайдағы орындарда қолданылады. Мысалы, тарихи ғимараттар, металл немесе темірбетондарды едені бар өнеркәсіп үйлерінде, қызқа мерзімге жалға алынған офистар, қоймалар, көрмелерде, конференцияларда және т.б

71. Интернет дегеніміз не? Интернет (англ. Іnternet — жүйелер арасы) — дүние жүзіндегі ондаған мың жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі – тілек білдірушіні кез-келген ақпаратпен үнемі қамтамасыз ету. Интернет шексіз ақпараттық ресурстар пайдалы мағлұмат, оқу, ойын ұсынады білетін адамдармен араласуға мүмкіндік туғызады, қашықтықтағы қызмет көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық ресурстарды ұсынады. Интернет дүние жүзіндегі адамдарды бір-бірімен араласуы үшін жаңа, ешқайда баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді.

Жүйенің арқасында (тегін немесе орынды ақы төлеу арқылы) орасан көп ақпараттар алуға болады. Сонымен, пайдаланушы кез-келген мемлекеттегі өзінің қызығушылығымен бөлісетін адаммен интернет арқылы байланыса алады немесе электронды кітапханадан құнды мәліметтер ала алады, тіпті егер олар әлемнің басқа шетінде болса да.

Қажетті ақпарат спутник, мұхит түбі, таулар мен теңіздер, кабельдер мен радио арқылы, аралық компьютердің ұзын тізбек жолдарынанөтіп санаулы секундта оның компьютерінде болады.

Интернет өкіметтер, ғылыми және ағарту мекемелері, комерциялық құрылымдар мен әлемнің барлық бөлігіндегі миллиондаған жеке адамдар есебінен қаржыландырылады, бірақ оның анық иесі болып ешкім есептелмейді. Жүйені шақырылған ерікті адамдардан құралған “Интернет архитектурасының Кеңесі” басқарады.

Жүйе 1984 жылы құрылған, қазір оны мөлшермен алғанда қырық миллиондай адам пайдаланады. Интернет уақыт сайын өзгеріп отырады, себебі өздері үшін бағдарлама жазып, одан кейін оны тілек білдірушілерге тарататын маман қолданушылары көп.

Жаңа серверлер үнемі пайда болады, ал бұрынғылары өз “репертуарларын” жаңартады. Ақпараттар легі үздіксіз өсуде.

72. Электрондық почта дегеніміз не? Электрондық пошта (Electronіc maіl, англ. maіl — пошта, қысқ. E-maіl, “и-мэйл” деп оқылады). Электронды пошта желілері мен Интернет ішіндегі мәтіндік хабарламаларды жеткізу үшін арналған. Қәзіргі кездегі электрондық пошталардың мәтінінің ішіне графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай – ақ екілік файл – программаларында қосып жіберуге болады.

Электронды поштаны қолданатын әрбір абонентке өзіндік дербес пошталық адрес беріледі. Оның форматы келесі түрде болады: <пайдаланушы аты> @ < пошталық сервер аты>. Мысалы: earth@space.com, мұндағы earth — пайдаланушы аты, space.com — компьютер аты, @ — “коммерциялық эт ” бөлуші символ.

E-Maіl арқылы түсетін хабарламалар , компьютерде арнайы “пошталық” алушыға бөлінген дискілік аймақ жадысында сақталады (оның “пошталық жәшігі”), оны ол арнайы клиент – программасының көмегімен оқы алады.

Ал хабар жіберу үшін абоненттің электрондық адресін білу керек. Сапалы түрде жіберген жағдайда электронды хат дүние жүзінің кез – келген жеріне жетеді.

Usenet (от Users Network) телеконференция жүйесі. Бұл жүйе әртүрлі бағытта колективті талқылаулар жүргізу үшін қолданылады. Usenet –тің қәзіргі кезде мыңдаған дискуссиялық топтары(NewsGroups) бар, олардың әрқайсысының тақырыптары болады. Яғни телеконференциялар бірнеше топтарға бөлінеді:

• news — телеконференция жүйесіне қатысты сұрақтар;

• comp — компьютерлер және программлық қамтама;

• rec — сауықтар, хобби және өнер;

• scі — ғылыми - зерттеу қызтеті және қосымшалар;

• soc — әлеументтік сұрақтар;

• talk — әртүрлі талас жүргізілетін сұрақтар дебаты;

• mіsc —барлық қалғандары.

73. Интернет желісінде ақпаратты іздеу жүйесі туралы айту? Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу жүйесі

Интернетте кез – келген тақырыптағы ақпараттар көрсетіледі. Бірақ одан ақпаратты табу оңай жұмыс емес. Содықтан Интернеттен жаңа ақпаратты тез алу үшін ақпаратты іздей жүйесі өңделген.

Интернеттен ақпаратты іздеу жүйесінің барлығы арнайы бөлінген компьютерлердегі мықты жабдықталған каналдармен жабдықталуы керек. Олар бір минут ішінде тегін мыңдаған клиенттерге қызмет көрсетеді.

Іздеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады:

• адам – редакторлармен қалыптастырылатын пәндік каталогтар;

• адам көмегінсіз компьютердің арнайы программаларымен қалыптастырылатын автоматты индекстер.

Пәндік каталогқа негізделген жүйелер. Деректер қорын қолданатын, ақпаратты таңдайтын, деректер қорымен байланыс жасайтын, сілтемелерді әлтүрлі іздеу категорияларымен ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін арнайы редактор-мамандармен қалыптастырылатын. Пәндік каталогы бар компаниялар WWW-cерверлер мен басқа да желілік ресурстарды каталогтарға орналастыра алады және дүние жүзіне тарата алады. Мұның арқасында клиент ақпараттарын жаңалай отырып өзінің каталогтар тармағын құра алады. Ол тармақтың жоғарғы деңгейінде “бизнес”, “ғылым”, “өнер”сияқты элементтер болуы мүмкін. Осындай жұмыстың барысында олар үлкен көлемдегі деректер қорымен жұмыс істей алады.

Автоматты индекстер. Оларды айта кетпеуге болмайды. Кілттік сөз арқылы бір деректер қорынан бірнеше секунд ішінде Интернет желісінің WWW- парақтарының барлығын қарап шығуға, іздеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Автоматты индекс үш бөліктен тұрады:

• робот - программалары;

• осы роботпен жиналатын деректер қоры;

• пайдаланушы жұмыс істейтін осы базадағы іздеу интерфейсі.

Бұл барлық компоненттер адам көмегінсіз жұмыс жасайды.

74. Excel-дің жатық мәзірі неден тұрады? Excel- дің жаттық мәзірі:

Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Сервис, Данные, Окна, Файл түзету түр қою пішім сервис дерек терезе көмек

Файл- Файлмен жұмыс істеу командалары;

Түзету- Құжатты түзету командалары;

Түр- Экранды өзгерту командалары;

Қою- Келесі объектілерді құжатқа қоюға қызмет етеді: бет нөмірлері, символдар, тақырып пен көрсеткіштер файлдар, кадрлер сурет, объект, деректер қоры;

Пішім- Символды, абзацты, кестені түрлі стильде пішіндеу командалары;

Сервис- Құжатты көркемдеп, қатесін тексеріп, макростар құрып, баспаға дайындайтын командалар;

Деректер- Кестелер мен жұмыс істейтін командалар;

Терезе- Терезелермен жұмыс істейтін командалар;

Көмек- Excel- мен жұмыс істеу туралы анықтама.

75. Электрондық кестенің негізгі ұғымдарын атаңыз?

Электрондық кестенің негізгі ұғымдары

Қатар нөмірі – электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде орналасқан нөмір.

Бағана әрпі – электрондық кестенің бағаналарын белгілейді. Әріптер жұмыс аумағында жазылып тұрады.

Ұя – электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі. Әрбір ұя немесе тор бағана әрпімен қатар нөмірінен тұратын адреспен анықталады.

Ұя сілтемесі – жұмыс істеуге тиісті екпінді күйдегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты тор таңба.

Ағымдағы ұя – тормен белгіленіп тұрған ұя. Ол кестенің бір торын ғана белгілеп, келісім бойынша, мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс-әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді.

76. Excel-де баған саны қанша, жол саны қанша?

Жол саны 65536-тен, ал бағана саны 256-дан аспауы керек. Электрондық кестеде жол нөмірленеді, бағаналар латын бас әріптермен белгіленгенеді.

77. Бағана әріптері қандай әріптен бастап, қандай әріптерге дейін?

Саптар келесі ретпен нөмірленеді:A-Z, одан соң АА-АZ, одан соң BA-BZ, одан соң СА-СZ

78. Ұяшық дегеніміз не? Ұяшық –кестенің негізгі ұғымы, ұяшықта мәтін, сан, формула, деректер жазылады. Ұяшықтар жол мен бағана қыилысында орналасады. Әр ұяшықтың өз адресі болады, адрес бағана әріптері мен жол нөмірінен тұрады. Мысалы:В3 адресі В бағанасы мен 3-жол қиылысындағы ұяшықты білдіреді.

79. Блок дегеніміз не? Блок (аудан) - сыбайлас ұяшықтардан тұратын тіктөртбұрыш ауданды б л о к деп атайды. Блок бір ұяшықтан немесе бірнеше ұяшықтардан тұрады.

80. Ұялар ішіне қандай мәліметтер жазылады? Ұялар – координатасымен берілген элемент кестесі (бағана аты, реттік нөмері). Мысалы А1, В7, С12, ВК43. Ұялардың адресі кестенің сол жағында орналасады. Ұяшықтан-ұяшыққа көшу үшін ТАВ немесе өзге ұяшықты басу арқылы жүргізіледі.

81. Excel-де формула неден басталады? Excel бағдарламасындағы ұяшықтарда арифметикалық амалдарды орындау үшін:

82. Excel-де диаграмманың неше түрі бар? Excel-де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар.

83. Excel-де диаграмма құрудың қанша қадамы бар?

84. Excel-де диаграмманың анықтамасын айтыңыз?

Диаграммалар – мәліметтерді графикалық түрде кескіндеудің ыңғайлы түрі. Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.

85. Мәліметтерді сұрыптау және сүзгілеу қалай жүзеге асады? Мәліметтер=>Сүзгі мәзір командасы керекті жазбаларды сүзгілеуге мүмкіндік береді. Сүзгілеуді автоматты түрде – Автофильтр арқылы және қолмен де Кеңейтілген түрінде жүргізуге болады. Excel электрондық таблицасы мәліметтер базасы режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине, оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер базасынан гөрі әлсіздеу, дегенмен мұнда да көптеген жұмыстар істеуге болады.
86. Microsoft Word қандай бағдарлама? Компьютерді қолдану немесе өңдеу қәзіргі заманғы есептеу техникасының даму интенсивтігіне әкеп соғады мұнда мәтіндік құжаттарды құру үшін редактордың дайындау түрлері көп қолданылады. ІBM- типіндегі компьютерлерге сәйкес ең көп тараған мәтіндік редакторлардың бірі WORD. Бұл WІNDOWS операциялық жүйесінің комерциялық қосымшасы болып табылады. WORD мүмкіншіліктері тек мәтін құрумен ғана шектелмейді. Ол одан да көп операцияларды жасайды. Бірақ бұл программалық қабықшаны оқып үйрену үшін тізбектей жәй түрінен күрделі түріне өту керек.

87. Word-та кесте құрудың тәсілдерін айтыңыз?

Стандартты аспаптар панеліндегі Кесте ÞКестені қосу батырмасы; Баған саны мен жол санын енгізіп ОК түймесін басу.

Кестені кірістіру сұхбат терезесі (КестеÞКірістіруÞКесте);

Кестелер мен шекаралар кесте салу құралы (КестеÞКестені салу).

88. Word-тың терезесін сипаттап беріңіз? Терезе - Windows операциялық жүйесінің негізгі элементі. Терезелер екі топқа бөлінеді: стандартты терезелер және сұқбат терезелер.

89. Word-та формула жазу қалай жүзеге асады? Ғылым-техникалық құжаттарды даярлағанда математикалық өрнектерді мәтіндік құжатқа енгізу қажеттігі үнемі туындап отырады. Формулалар редакторының көмегімен терілетін объектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшеліктер,т.б. жатады. Microsoft Word мәтіндік процессорындағы Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторы формулалық өрнектерді құру және оларды құжат мәтініне енгізуге мүмкіндік береді.

Формулалар редакторын іске қосу және баптау.

Формулалар редакторын іске қосу үшін Кірістіру (Вставка) Объект командасы қолданылады. Ашылған Объектіні кірістіру (Вставка объекта) сұхбат терезесінде Microsoft Equation 3.0 бөлімін таңдап алу керек, сонда Формула басқару панелі ашылады. Сонымен қатар мәтіндік процессордың меню жолы формулалар редакторының меню жолымен ауысады.

Формулалар редакторын қолданбас бұрын, оны баптап алу керек, яғни формулаларға енетін элементтер үшін әріптерді тағайындау қажет. Баптау Стиль Анықтау командасымен ашылған Стиль сұхбат терезесінің ішінде жүргізіледі.

Стиль міндетті түрде бапталады, онсыз формулалар редакторы жұмыс істемейді.

Пішім Аралық командасымен ашылған Пішім сұхбат терезесіне кіріп формулалар редакторын қосымша баптауға болады.

Формулалар редакторының аспаптар панелінде екі қатар батырмасы бар. Төменгі қатардағы батырмалар ерекше үлгіні құруға арналған. Мысалы, жай бөлшекті енгізу үшін екі өрістен: Алым және бөлімнен тұратын үлгіні таңдап алу қажет. Өрістерден бір-біріне өту меңзерді басқару пернелерінің (←,↑,→,↓) көмегімен жүзеге асырылады.

Формулаларды енгізу және баспаға шығару [ESC] пернесін басумен аяқталады (немесе формулалар редакторын жапса болғаны). Терілген Формула автоматты түрде құжатқа кірістіріледі. Бұдан былай осы формуланы алмасу буфері арқылы құжаттың кез-келген жеріне орналастыруға болады .

Формулалар редакторының ерекшеліктері.

Microsoft Equation 3.0 формулалар редакторы өзі жеке компонент болғандықтан, мәтіндік процессорды жүктеген кезде, Microsoft Equation 3.0-ді қосу қажеттілігін арнайы көрсету қажет.

Формулалар мен өрнектерді енгізген кезде орыс немесе қазақ алфавиттерінің символдарын пайдалануға болмайды. Егер оларды енгізу қажеттілігі туса, оларға Мәтін стилін тағайындау арқылы енгізеді.

Формулалар редакторында Бос орын пернесі жұмыс істемейді, символдардың арасында автоматты түрде <бос орын> қойылады.

Word редакторы пернетақтада жоқ символдарды терілетін математикалық өрнекке және формулаларға кірістіре алады. Ол үшін курсорды символ кірістірілетін жерге орналастырып, Кірістіру – Символ командасын беріп, шыққан терезеден қажетті символы таңдап, Кірістіру батырмасын басу керек.

Мәтіндік редакторында жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Кестелердің ішінде ақпараттарды қабылдауды жақсартуға арналған графиктік кескіндер де тұруы мүмкін.

Microsoft Word мәтіндік редакторы баспа және электрондық құжат үшін кесте құру құралдарымен жабдықталған. Кесте құрудың негізгі үш құралы:

Стандартты аспаптар панеліндегі КестеКестені қосу батырмасы; Баған саны мен жол санын енгізіп ОК түймесін басу.

Кестені кірістіру сұхбат терезесі (КестеКірістіруКесте);

Кестелер мен шекаралар кесте салу құралы (КестеКестені салу).

90. Word-та тізімнің неше түрі бар?

91. Word-та сөздерді алмастыру қалай жүргізіледі? Ctrl+H

92. Word-тың графикалық мүмкіндіктерін атаңыз?

Олар берілген сандық шамаларды ұяшықтарды үңіліп қарағаннан гөрі салыстырмалы түрде бағалау мүмкіндігін береді. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.




©2015 studenchik.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.

Президентские телки VIP эскорт