Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Холиноблокаторлар дегеніміз не?

М-холиноблокаторлар холиномиметиктер тобының дәрілік құралдарының және ацетихолин медиаторының бәсекелес антогонисті болып табылады. М-холиноблокаторлар холинергиялық синапстардың қызметин бұза отырып, медиаторлық жүйенің дисбалансын тудырады, парасимпатикалық жүйке жүйесінің мүшелерге әсерін тоқтатады, ол симпатикалық әсерлердің басым болуымен сипатталады.

13.Ганглиоблокаторлар. Әсерінің механизмі. Клиникада қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.Ганглиоблокаторлар вегативтік түйіндердің, бүйрек үсті безінің ми қабатының және каротидті шумақтардың нейрональдық - холинорецепторларына ацетилхолиннің әсер етуіне кедергі жасайды, қанқа бұлшық етінің - холинорецепторларына әсер етпейді.Ганглиоблокаторлар артерияларды және веналарды кеңейтеді, ортостатикалық гиотензия тудырады, прекапиярлық қыспақтарды босаңсытады, шокта, инфекциялық уыттануда күйіктерде, пневмонияда, ұлпалардағы микроциркуляциямен қан айналымын жақсартады.Жүрекке дейінгі және жүректен кейінгі күшті төмендетеді. Сол жақ қарыншаның жиырылғыштық қызметін жақсартады.Ортостатикалық коллапс, стенокардия ұстамалары, атониялық іш қату,несептің іркілуі, терінің құрғауы, ауыз қуысының, жұтқыншақтың құрғауы, қарашықтардың кеңеюі, көз іші қысымының жоғарылауы, аккомодацияның салдануы. Үшіншілік аминдер ОЖЖ өтеді және діріл, ойлау және есте сақтау қабілетінің бұзылуын тудыруы мүмкін. Уланғанда психомоторлы қозумен тырысулар пайда болады.

14.Миорелаксанттар жіктелуі әсерінің механизмі. Клиникада қолданылуы. Дозасы көбейіп кеткенде (улану) көрсетілетін көмек.

Миорелаксанттар – жүйке-ет талшғы синапысындағы - холинорецепторларына таңдамалы әсер етіп, қаңқа бұлшық етінің қайтымды салдануына әкелетін дәрілер.Әсер ету механизмі бойынша Миорелаксанттар екі топқа бөлінеді: антидеполяриляризациялаушы және деполяриляризациялаушы топтар.

Клиникада қолданылуы:1. Өкпені жасанды желдету және ингаляциялық наркозда түтік енгізуді жеңілдету үшін өңеш пен жұтқыншақтың етін босаңсыту.

2.Шыққан сүйектерді салу, сүйек сынықтарын түзету.

3.Тырысқақ, ауыр тырысу ұстамалары электротырысу емінде.

4.Кеуде мен іш қуыстарындағы операцияларда өкпені жасанды желдету жүргізілетін наркозда.

5.Паркинсон ауруларындағы тырысуда, пирпмида мен экстра пирамида жүйесі жұмыстарының бұзылыстарында,арахноидитте,энцефилитте.

15.Адреномиметикалық дәрілер. Жіктелуі. Альфа- адреномиметиктер.Фармокодинамикасы.Қолданылуы.

Адреномиметиктердің фармокологиялық әсері симпатикалық жүйкелердің посианглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді, кейбір адреномиметиктер Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

Жіктелуі:Тікелей әсер ететін( а,в,в2адреномиметиктер) жанама әсер ететін(эфедрин)Альфа- адреномиметиктер. Адренорецепторлардың агонистері а-адренорецепторларға жалпы жіне таңдамалы әсер етеді.Бұл топтағы дәрілер артериялық гипотензия мен шырыш қабатының ісінуі кезінде қан тамырларын тарылтатаын құрал болып табылады. Препараттар:Норадреналин, мезатон, галазолин, эстулик,клофелин

Фармокологиялық әсерлері:тамырдың тарылуы, АҚ жоғарлауы. Альфа-2-адреномиметиктер ОЖЖ тамырды тарылтатын импульстарын төмендетеді.

Қолдану көркеткіштері: шок,, коллапс,ринит, гипотензия. Альфа-2-адреномиметиктер гипертониялық ауру.

16. Адреномиметикалық дәрілер. Жіктелуі.Жағымсыз әсерлері. В1 және В2 адреномиметиктер

фармокодинамикасы. Қолданылуы. Жағымсыз әсерлері.

Адреномиметиктердің фармокологиялық әсері симпатикалық жүйкелердің посианглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болып келеді, кейбір адреномиметиктер Орталық жүйке жүйесіне әсер етеді.

Жіктелуі:

Тікелей әсер ететін( а,в,в2адреномиметиктер)

жанама әсер ететін(эфедрин)

В1 және В2 адреномиметиктер агонистері кардиологияда,пульмонологияда қолданады.Препараттар:

Добутамин, фенотерол, сальбутамол, тербуталин, кленбутерол, сальметер, изадрин.

Фармокологиялық әсерлері: миокардтың, мноиетридің, бронхолитикалық, токолитикалық

Қолдану көрсеткіштері: жүректің тоқтауы, кардиогенді шок, брадиаритмия, жүрек гликозидтерімен улану,түсік тастау қаупі, созылмалы демікпелі бронхит, бронх демікпесі.

17.Адреномиметиктердің формакологиялық әсері симпатикалық жүйкелердің постганглионарлы талшықтарының қозу әсеріне ұқсас болады. Кейбірлері ОЖЖ-не әсер етеді. Адреномиметиктер фенилалкиламин мен имидазолдың өнімдері болып табылады.Олардың химиялық құрамы- фенилалкиламин өнімінің фармокологиялық әсерімен байланысты. Адреномиметиктер молекуласында гидроксилдердің болмауы мембрананың липидтерінде еруін және гематоэнфефалды тосқауыл аркылы өту денгейін көтереді. В2-адреномиметиктер-тыныс жолдарын кеңейтеді,әсері 4-5сағатқа созылады. В2-адреномиметиктер-тез және қысқа әсер етеді.Кейбіреулері химиялық құрылысынан ұқсас болып келеді.Олар тегіс бұлшықеттерді әлсіретіп,ОЖЖ-ді жүректі аздап қоздырады. В2-адреномиметиктерге-гексопринолин,изадрин,тербуталин,фенотерол,салметерол,адреналин жатады.Изадринге қарағанда В2-адреномиметиктер КОМТ әсеріне төзімді болып келеді.Оның жанама әсері тахикардияға миокард ишемиясына алып келеді.Қолданылуы.Қант диабетінде,жүктілік кезінде,аритмияда,ишемиялық ауруларда,2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.Емдеу барысында аэрозольды,таблетка түрінде тіл астына және тері астына қолданылады.

20. В-адреноблокаторлар ноадреналин мен адреналинге бәселес антогонист болып табылады.Бұған анаприлин жатады.1964 жылы ағылшын фармокологіД.У.Блэк ашқан. В-адреноблокаторларды ж\е гистаминнің Н2-рецепторларының тежегіштерін ашқан.Олардың құрамында липофильді нафтильдік сақинаға жасалған изопьропильдік сақина бар.Әсерлері. Жүрек жиірілу жиілігін азайтады.май ұлпаларын төмендетеді.Дистоланы ұзартады.Жүрек жетімсіздігі,Феохромоцитома,Қатерлі емес аденома, В-адреноблокаторлар-қан айналымын тәж тамырлар жүйесін,атеросклирозды қалпына келтіреді.Стенокардияда,жүрек ауруларында,артериялық гипотензияда,бронхспазмда, қолдануға болмайды.Липидтер метаболизмін өзгертіп жібереді. В-адреноблокаторларды жоғары дозада қолданғандағы әсері 20-30%. В-адреноблокаторлар тобының препараттары-Бопиндолол,Оспренолол,Пенбуталол,Пиндолол. В-адреноблокаторлар өлімді тек ғана 10% ғана азайтады.Кардиоселективті 28% азайтады.Инфарктен кейінгі әсері жоғары болады.

10.Холиноблокаторлар заттар бұл- медицинада пайдалану өсімдік тектес препараттардан басталады.Холиноблокаторлар холиномиметиктер тобының дәрілік құралдарының ж\е ацетилхолин медиатрының бәсекелес антогонисті болып табылады. Холиномиметиктер әсері Холиноблокаторлармен оңай жойылады

21.Симпатолитиктер.Жағымсыз әсерлері.

Симпатолитиктер адренергиялық жүйке ұштарында норадреналиннің бөлініп шығуын тежейді.

-Жүрек жұмысын тежейді,миокардта норадреналиннің құрамын азайта отырып,брадикардия ,атривентрикулярлық бөгет,стенокардия,ұзақ қолданғанда,бүйректің қан айналымының нашарлауымен және жалпы қан айналымдағы қанның көлемінің көбеюімен,гипотензивтік әсердің әлсіреуімен жүретін жүректің жетімсіздігін тудырады;

-Симпатикалық тонустың төмендеуі тұсында,парасимпаикалық тонусты жоғарылатады-қарашықтардың тарылуын.аккомодация түйілуін,бронхоспазм,жатырдың жиырылуы,ішектің перистальтикасының жоғарылауын тудырады;

-Октадин ортотоксикалық коллапс,құлақ маңы сілекей безінің ауырсынуын тудырады;

-Резерпин емге тұрақты тұнжырау,ұйқышылдық,қорқынышты түстер,паркинсонзим,ойық жара ауруын тудырады,мұрынмен тыныс алуды бұзады;

-Симпатолитиктерді ұзақ қолданғанда жыныстық дисфункция пайда болуы мүмкін;




©2015 studenchik.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.