Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Физика-математика факультеті



Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік

және студенттік сұрақтар бойынша

проректор, п.ғ.д, профессор

М.Ж.Мальтекбасов ______________

«_____»_________________2015 ж.

 

 

Объектіге бағытталған программалау пәнінің

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

 

Мамандықтар: 5B070300 – Ақпараттық жүйелер

 

Оқу формасы: күндізгі

 

Талдықорған 2015 ж.

 

 

Оқу-әдістемелік кешенді оқу бағдарламасы негізінде 5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығына доцент А.О.Алдабергенова құрастырған.

 

____________________________

(оқытушының қолы)

Ақпараттық технологиялар кафедрасының отырысында қарастырылды.

 

 

«_____»__________ ___2015 ж. №______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі ______________ п.ғ.к., доцент А.О.Алдабергенова

(қолы)

 

 

«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама

 

Физика-математика факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

 

Әдістемелік бюроның төрайымы ________________С.С.Сламжанова

(қолы)

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Оқу бағдарламасы Ф.4.09-27
28.05.2015 ж.

 

Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

БЕКІТЕМІН

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ Ғылыми Кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, з.ғ.д., профессор

Бектұрғанов Әбдіманап Елікбайұлы

_________________________________

«____»_________________2015 ж.

 

 

Объектіге бағытталған программалау пәнінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

Мамандықтар: 5В070300 –«Ақпараттық жүйелер»

 

 

 

 

Талдықорған 2015 ж.

 

Құрастырған: А.О.Алдабергенова – п.ғ.к., доцент

(Аты-жөні,тегі; ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі)

 

 

Рецензент: Н.С.Уалиев, ф.-м.ғ.к., доцент

(Аты-жөні,тегі; ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі)

 

 

Оқу бағдарламасы АТ кафедрасының отырысында қарастырылды және 5В070300-Ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша оқу үрдісіне енгізілуіне ұсынылды.

 

«_____»__________ ___2015 ж. №______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі _____________А.О.Алдабергенова

(қолы,аты-жөні, тегі)

 

Оқу бағдарламасы физика-математика факультетінің әдістемелік бюросында қарастырылды және бекітуге ұсынылды.

 

 

«_____»__________ ___2015 ж. №______ хаттама

 

 

Әдістемелік бюроның төрайымы __________________ С.С.Сламжанова

(қолы,аты-жөні, тегі)

 

Факультет деканы _________________ Ғ.Т.Қыдырбаева

(қолы,аты-жөні, тегі)

 

Оқу бағдарламасы оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылды және бекітілуіне ұсынылды

 

«_____»__________ ___2015 ж. №______ хаттама

 

 

ОӘК төрағасы_____________________ М.Ж.Мальтекбасов

(қолы,аты-жөні, тегі)

ОБЪЕКТІГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ПРОГРАММАЛАУ

 

Көлемі 3 кредит (135 сағат)

 

ТҮСІНІКТЕМЕ

 

 

«Объектілі-бағытталған программалау» курсының мақсаты қазіргі кезде жылдам, епкінмен дамып келе жатқан объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары және принциптерімен студенттерді таныстыру болып табылады.

Курстың міндеті– объектілі-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін, класс, әдіс, қасиет, оқиға ұғымдарын оқып білу және оларды практикада пайдалану.

Курс студенттердің Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау пәні бойынша алған білімдеріне негізделеді.

Оқыту үшін программалауға үйретуде табысты болып табылатын әйгілі Pascal программалау тілінен дамыған Object Pascal тілі таңдалынып алынған.

Өңдеудің арнайы ортасы Delphі-дің ажырамайтын бөлігі болып табылатын Object Pascal тілі өзіне Pascal тілінің табиғи қарапайымдылығын және объектілі-бағытталған программалаудың алдыңғы технологияларын үйлестіреді.

Пәнді оқу барысында студент:

─ объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын меңгеруі;

─ программаны өңдеу барысында объектілі-бағытталған программалауды пайдалана білуі;

─ объектілі-бағытталған программалаудың артықшылығын пайдаланып, оны анық сезіне білулері керек.

Студенттер:

· Визуальды компоненттер кітапханасын пайдалана білуді;

· Менюмен жұмысты;

· Қосымшалар өңдеуді;

· Ақпаратты баспаға шығаруды;

· Мультимедианы пайдалануды;

· Құралдар тақталарымен жұмысты;

· Графикамен жұмыс жасай білуді меңгерулері керек.

Қалыптасқан құзыреті:

арнайы: интеллектуалды, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттері дамиды, күрделілігі әртүрлі есептерді шығаруда тиімді программа құра біледі.

пәндік: Delphі программалау ортасында бағдарлама құру дағдылары қалыптасады.

 

 

ПӘН МАЗМҰНЫ

 

1. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары. Delphi кіріктірілген ортасына қысқаша шолу.

2. Қосымша құру. Визуалды компоненттердің жалпы сипаттамасы.

3. Мәтінді бейнелеу және біржолды мәтінді енгізу және редактрлеу. Сызықтық алгоритмді программалау.

4. Көпжолдық редакторлар.

5. Тізімдермен жұмыс. Тармақталу алгоритмін программалау.

6. Батырмалармен жұмыс.

7. Ауыстырып қосқыштармен жұмыс.

8. Басқару элементтерін біріктіру.

9. Форманың сипаттамалары. Формалардың өзара әрекетін ұйымдастыру.

10. Стандартты диалогтар.

11. Менюмен жұмыс.

12. Құралдар тақталарын құру.

13. Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері. Графикалық қарапайым элементтерді салу тәсілдері.

 

 

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТІЗІМІ

 

1. Delphі ортасымен танысу

2. Сызықты құрылымды алгоритмдерді программалау. Мәліметтер типтері. Программа құрылымы.Стандартты функциялар мен процедуралар.Өрнектер.

3. Delphі ортасында тармақталу алгоритмдерін программалау.

4. Label, Edіt, Button, RadіoButton компоненттері.

5. Форма, мәтіндік өріс, бейне, батырма компоненттері. Массивті өңдеу.

6. Жолдармен жұмыс.

7. Құрал-саймандар тақтасын және қалып-күй жолын құру.

8. Көпқұжатты қосымша құру.

9. Стандартты диалогтар

10. Құралдар тақталарын, қалып күй жолын құру

11. Графикалық операторларды өңдеу.

 

 

 

СОӨЖ -ге арналған тақырыптар тізімі

1. Модульдер. Стандартты модулдер. Стандартты модулдерді қолдану. Қолданушы модулдерін құру және іске қосу.

2. Кластың негізгі ұғымдары.

3. Виртуалды функциялар және полиморфизм.

4. Ерекше жағдайларды ауқымды түрде өңдеу. Ерекше жағдайларды жергілікті түде өңдеу.

5. Қосымшаның дистрибутивін құру.

6. Тілдің басқару инструкциялары

7. Көп бетті блокнотты пайдалану

8. Менюмен жұмыс

9. Компонент құру

10. Массивтер мен көрсеткіштер

11. Жолдармен жұмыс

12. Функциялармен жұмыс

СӨЖ -ге арналған тақырыптар тізімі

 

1. Тармақталу және таңдау операторларына есептер шығару.

2. Циклдық операторларға есептер шығару.

3. Қабаттасқан циклдарға есептер шығару.

4. Массивтермен жұмыс.


 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиеттер тізімі:

1. Хомоненко А. Д и др. Delphi 7 / Под общ. Ред. А.Д. Хомоненко – СПб.: БХВ-Петербург, 2011.–1216 с.:ил

2. Культин Н. Основы программирования в Delphi 5. – СПб: БХВ-Петербург, 2011 – 608с.

3. Фаронов В.В. Delphi. Программирование на языке высокого уровня: Учебник для вузов – СПб.:Питер, 2004.-640 с.:ил.

4. Баженова И. Ю. Delphi 7. Самоучитель программиста. – М.: КУДИД –

ОБРАЗ.2003.-448с.

5. Фаронов В.В. Система программирования Delphi. – СПб.: БХВ-Петербург, 2004.–912 с.: ил.

6. Нуриденова К.Н., Алдабергенова А.О. Программалаудан есептер жинағы:оқу-әдістемелік құрал./ –Талдықорған: ЖМУ, 2012.-233 бет.

7. Юркин А.Г. Задачник по прогаммированию. – СПб.: Питер, 2002.

8. Иванова Г.С., Ничушкина Т.Н., Пугачев Е.К. Объектно-ориентированное программирование: Учеб. Для вузов/ Под ред. Г.С.Ивановой.-М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2001.-320с.,ил.(Сер. Информатика втехническом университете).

9. Фаронов В.В. Delphi 7:учебный курс.-СПб.: Питер, 2006. 512с.:ил.

10. Аубакиров Г.Д. Языки программирования PASCAL, DELPHI: Учебное пособие / Г.Д.

11. Аубакиров, А.Г. Хмыров.- Астана: Фолиант, 2007.- 208с.- (Профессиональное образование).

12. Бобровский С.И. Delphi 7: Учебный курс / С.И. Бобровский.- СПб.: Питер, 2006.- 736с.

13. http://www. delphikingdom.com

14. http://www.citforum.ru/programming/delphi.shtml

15. http://www.borlpase.narod.ru

16. http://www. citforum.ru/programming/br70_ug

 

Қосымша әдебиеттер тізімі:

1 . Абрамов С.А. и др. Задачи по программированию.-М. :Наука, 1988

2. Бурин Е.А. Программирование на языке Турбо- Паскаль. Учебное пособие. - Алматы, АГУ2000

3. Епанешников A.M. Епанешников Б.А. Программирование в среде Турбо Паскаль 7.0.-М:

Диалог-МИФИ, 1995

4. Ж.Джонс, К.Харроу. Решение задач в системе Турбо Паскаль.-М. :Финансы и статистика, 1991

5. Пильщиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль. -М. :Наука, 1989 6.http://www.pascalstudy.narod.ru

7. http://www. delphi4all.narod.ru

8.http://www. delphisouces.ru

9. http://www.kladovka.ru/delphibase

 

 
 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті   СМЖ ЖМУ Е/ОӘК.09-2015 3 басылым
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ
Силлабус Ф.4.09-28
28.05.2015 ж.

Физика-математика факультеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

С И Л Л А Б У С

 

Объектіге бағытталған программалау пәні бойынша

5В070300 – ақпараттық жүйелер

 

 

       
 
Оқыту түрі: күндізгі   Курс: ____3___ Семестр: ___5___ Кредит саны: _3__ Барлық сағат саны: 135 соның ішінде аудиториялық: Дәрістер: ___15____ Практикалық сабақтар: ____30___ СӨЖ (СОӨЖ): 90 Емтихан: _____5 семестр______  
 
Оқыту түрі: күндізгі(орта арнаулы білім негізінде)   Курс: ____2___ Семестр: ___3___ Кредит саны: _3__ Барлық сағат саны: 135 соның ішінде аудиториялық: Дәрістер: ___15____ Практикалық сабақтар: ____30___ СӨЖ (СОӨЖ): 90 Емтихан: _____3 семестр______  
 


 

 


 




Талдықорған 2015 ж



Оқытушы туралы мәлімет

Алдабергенова Айгүл Оңалбекқызы – ақпараттық технологиялар кафедрасының доценті, п.ғ.к., (№2 корпус, 316 аудитория, тел:87023869593, e-mail: Aigul_AO @)mail.ru)

Пререквизиттері:Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау

Постреквизиттері:Дипломдық жұмысты жазу барысында

Курстың қысқаша сипаттамасы.

«Объектілі-бағытталған программалау» курсының мақсаты қазіргі кезде жылдам, епкінмен дамып келе жатқан объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары және принциптерімен студенттерді таныстыру болып табылады.

Курстың міндеті– объектілі-бағытталған программалаудың негізгі принциптерін, класс, әдіс, қасиет, оқиға ұғымдарын оқып білу және оларды практикада пайдалану.

Оқыту үшін программалауға үйретуде табысты болып табылатын әйгілі Pascal программалау тілінен дамыған Object Pascal тілі таңдалынып алынған.

Өңдеудің арнайы ортасы Delphі-дің ажырамайтын бөлігі болып табылатын Object Pascal тілі өзіне Pascal тілінің табиғи қарапайымдылығын және объектілі-бағытталған программалаудың алдыңғы технологияларын үйлестіреді.

Пәнді оқу барысында студент:

─ объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдарын меңгеруі;

─ программаны өңдеу барысында объектілі-бағытталған программалауды пайдалана білуі;

─ объектілі-бағытталған программалаудың артықшылығын пайдаланып, оны анық сезіне білулері керек.

Студенттер:

· Визуальды компоненттер кітапханасын пайдалана білуді;

· Менюмен жұмысты;

· Қосымшалар өңдеуді;

· Ақпаратты баспаға шығаруды;

· Мультимедианы пайдалануды;

· Графикамен жұмысты;

· Құралдар тақталарымен жұмыс жасай білуді меңгерулері керек.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Құзыреті:

арнайы: интеллектуалды, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттері дамиды, күрделілігі әртүрлі есептерді шығаруда тиімді программа құра біледі.

пәндік: Delphі программалау ортасында бағдарлама құру дағдылары қалыптасады.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4,0 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,0 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағатанарлықсыз

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ-ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
1 кіру рұқсатының рейтингісі R1 8 апта
2 кіру рұқсатының рейтингісі R2 15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтингісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4  

 

 

Баға қоюдың критерилері

Бақылау түрі Максималдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл практикалық сабақтың орындалуы СОӨЖ орындауы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) Әр аптада
СӨЖ 1 Тапсырма 1 Тапсырма 2   4 апта
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2     7 апта
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 11 апта
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3 14 апта
Аралық бақылау 1: Жоба құру Жобаның қойылымы, математикалық моделі Жоба алгоритмі, программасы Жобаны тестілеу және талдау   8 апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Қорытынды баға: (баға1+баға2)/2 15 апта

 

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖ-ге арналған кестеде көрсетілген

 

Күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Мазмұны Сағат саны Апта
Модуль 1. «Delphi ортасына кіріспе»
1. Дәріс 1. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі ұғымдары. Delphi кіріктірілген ортасына шолу. 1 апта
Практикалық сабақ 1. Delphi ортасымен танысу. Түрлендіру функциялары. Енгізу терезесі. Хабарлама терезесі.
СОӨЖ 1. Тақырыбы: Мәліметттер типтері. Тапсырмалар: Тапсырма 1.Мәліметтердің қарапайым типтері. Тапсырма 2. Мәліметтердің құрылымдық типтері. Тапсырма 3. Программа құрылымы.Стандартты функциялар мен процедуралар.Өрнектер.
2. Дәріс 2. Қосымша құру. Визуалды компоненттердің жалпы сипаттамасы. 2 апта
Практикалық сабақ 2. Label, Edit, Button, RadioButton компоненттері. Валюта айырбастау туралы есеп. Сызықтық алгоритмдерді программалау.
СОӨЖ 2. Тақырыбы: Жоба сипаттамасы Тапсырма:Жоба құрамы. Жоба файлы. Формалар файлдары. Модульдер файлдары. Ресурстар файлы. Жоба параметрлары тақырыптары бойынша конспект жазу.
3. Дәріс 3. Мәтінді бейнелеу және біржолды мәтінді енгізу және редактрлеу. Тармақталу алгоритмін программалау. 3 апта
Практикалық сабақ 3. Форма, мәтіндік өріс, бейне, батырма компоненттері. Анкета туралы есеп. Тармақталу алгоритмін программалау.
СОӨЖ 3. Тармақталу алгоритмдерін программалау. Тапсырма 1.Бір-біріне тең емес х және у нақты сандары берілген. Екеуінің кішісін олардың қосындысының жартысымен, ал үлкенін екі еселенген көбейтіндісімен ауыстыру керек. Тапсырма 2.ХОУ жазықтығында өзінің координаталарымен А нүктесі берілген. Оның қай осьте немесе қай ширекте орналасқанын көрсету керек.
4. Дәріс 4. Тізімдермен жұмыс. Таңдау алгоритмін программалау. 4 апта
Практикалық сабақ 4.Тізімдермен жұмыс. Таңдау алгоритмін программалау.
СОӨЖ 4. Таңдау алгоритмдерін программалау. Тапсырма 1.Енгізілген өлшем бірліктерінің номеріне (1-дециметр, 2-километр, 3-метр, 4-миллиметр, 5-сантиметр) және түзудің ұзындығы L-ге байланыстытүзудің ұзындығының сәйкес мәндерін метрмен беретін программа құру керек. Тапсырма 2.Берілген 1-ден 12-ге дейінгі натурал санға (ай номеріне) байланысты осы айға кіретін мереке күндерін (мысалы, егер 1 саны енгізілген болса, онда: 1 қаңтар-Жаңа жыл, 8 наурыз-халықаралық әйелдер мейрамы) шығаратын програма құру керек. Тапсырма 3. N натурал саны берілген. Егер ол 4-ке бөлінсе, экранға N=4k жауабын шығару керек. Егер 4-ке бөлген қалдық 1-ге тең болса, N=4k+1; егер 4-ке бөлген қалдық 2-ге тең болса, N=4k+2; егер 4-ке бөлген қалдық 3-ке тең болса, N=4k+3. Мысалы, 12=4*3; 22=4*5+2
СӨЖ 1. 1. Телефон желісінің қызметі келесі ереже бойынша төленеді: бір айда А минутқа дейін сөйлесу В тг тұрады, ал көрсетілген мөлшерден артық сөйлесу минутына С тг.-мен төленеді. Бір айдағы сөйлесуге кеткен уақыт үшін телефон ақысын есептейтін программа құру керек. 2.Бір үшбұрыштың үш қабырғасы және басқа үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштардың тең болатындығын, яғни олардың аудандары тең болатынын анықтау керек.
Модуль 2. «Мәтіндермен жұмыс»
5. Дәріс 5. Көпжолдық редакторлар. Циклдық алгоритмдерді программалау. Массивтермен жұмыс. 5 апта
Практикалық сабақ 5.Циклдық алгоритмдерді программалау. Массивтермен жұмыс.
СОӨЖ 5.Циклдық алгоритмдерді программалау. Тапсырма:Қатардың қосындысын есептеңіз Тапсырма 1. Тапсырма 2. Тапсырма 3. Тапсырма 4. Тапсырма 5.
6. Дәріс 6. Батырмалармен және ауыстырып қосқыштармен жұмыс. 6 апта
Практикалық сабақ 6.Батырмалар мен қайта қосқыштарды пайдалану. Тәуелсіз фиксациядағы қайта қосқыштар. Тәуелді фиксациядағы қайта қосқыштар.
СОӨЖ 6.Циклдық алгоритмдерді программалау. Тапсырма:Қатардың қосындысын есептеңіз Тапсырма 1. Тапсырма 2. (fn) Фибоначчи саны n=2, 3, …- болғандағы f0=f1=1, fn=fn-1+fn-2 формулаларымен анықталады. f40-ті анықтау керек. Тапсырма 3. Есептеу керек: .
7. Дәріс 7. Басқару элементтерін біріктіру. 7 апта
Практикалық сабақ 7.Басқару элементтерін біріктіру. Топ. Панель. Айналу облысы. Фреймдар
СОӨЖ 7.Форма, мәтіндік өріс, бейне, кесте, батырма компоненттері. Массивті өңдеу. Тапсырма: Тапсырма 1. Элементтер саны N болатын массив берілген. Екі массив құрыңыз: біріншісіне бастапқы массивтің жұп нөмірлі элементтерді, ал екіншісіне тақ нөмірлі элементтерді қосу керек. Тапсырма 2. а1, а2,…, аn бүтін сандар тізбегі берілген. ai+aj=m болатын ai,aj сандар жұбын көрсету керек. Тапсырма 3. Берілген массивтен негізгі диоганалдың оң элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар.
СӨЖ 2 1. Небоскреб N қабаттан және тек бір подъезден тұрады; әр қабатта 3 пәтерден; лифт тек тақ қабаттарда ғана тоқтай алады. Адам лифтке отырады да өзіне керек М пәтерінің номерін тереді. Лифт жолаушыны қай қабатқа апарады ? 2. Ойын бағдарламасын құрыңыз. Ол үшін компьютер сізге кездейсоқ екі саннның көбейтіндісін ұсынып, нәтижесі неге тең екендігін сұрасын. Егер сіз дұрыс жауап берсеңіз «Жарайсың», әйтпесе «Көбейту кестесін жатта» деген, соңынан «Ойынды жалғастырасың ба?» деген хабар шығарсын. Ойынды жалғастыру сіздің берген жауабыңызға байланысты болады.  
Модуль 3. «Визуалды компоненттермен жұмыс»
8. Дәріс 8 Форманың сипаттамалары. Формалардың өзара әрекетін ұйымдастыру. 8 апта
Практикалық сабақ 8. Форманың сипаттамалары. Формалар өзара әрекетін ұйымдастыру.
СОӨЖ 8. Тақырыбы:Форма, мәтіндік өріс, бейне, кесте, батырма компоненттері. Массивті өңдеу. Тапсырма: Тапсырма 1. а1, а2,…, аn бүтін сандары берілген. Осы тізбектің ең кіші мүшесін барлық элементтердің арифметикалық ортасының бүтін бөлігімен ауыстыру керек, ал қалғандарын өзгеріссіз қалдыру керек. Тапсырма 2. Екі өлшемді массивтің бағандарының қосындысынан бір өлшемді массив алу бағдарламасын жаз. Тапсырма 3. Берілген массивтің қатар бойынша теріс элементерінің қосындасын есептеп жауабын В[10] массивіне меншіктейтін программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. Тапсырма 4. Берілген массивтің бағана бойынша теріс элементерінің көбейтіндісін есептейтін программа құру. Массив элементтері нақты сандар.  
  Аралық бақылау 1    
9. Дәріс 9. Стандартты диалогтар. 9 апта
Практикалық сабақ 9.Стандартты диалогтар. Файл атын таңдау. Шрифт параметрін таңдау.
СОӨЖ 9. Жолдармен жұмыс. Тапсырма: Тапсырма 1. Нүктемен аяқталатын жол берілген. Жолда неше сөз бар екенін санау керек. Тапсырма 2. Ағылшын тіліндегі мәтіннен тұратын жол берілген. B әрпінен басталатын сөздер санын табу керек. Тапсырма 3. Мәтіннен тұратын жол және қандай да бір әріп берілген. Қанша сөз берілген әріптен басталатынын санау керек. Тапсырма 4. Мәтіннен тұратын жол берілген. Ең қысқа және ең ұзын сөздердің ұзындықтарын табу керек. Тапсырма 5. Жол берілген. Ондағы *, ;, : симводарының санын анықтау керек. Тапсырма 6. Кіші әріптерімен жазылған мәтіннен тұратын жол берілген. Келесі жолға осы мәтіннің бас әріппен жазылған нұсқасын алу керек.
10. Дәріс 10. Менюмен жұмыс 10 апта
Практикалық сабақ 10. Негізгі және контексті меню. Меню құрастырушысы.
СОӨЖ 10. Менюмен жұмыс. Тапсырма:Менюді пайдаланыплабораториялық жұмыстардан қажеттісін таңдап, оның нәтижесін шығаратынқосымша құру.Қосымша құруда MaіnMenu компонентін пайдалану.
11. Дәріс 11. Менюді динамикалық түрде баптау. 11апта
Практикалық сабақ 11.Менюді динамикалық түрде баптау.
СОӨЖ 11. Негізгі және контекстік менюмен жұмыс. Тапсырма:Негізгі және контекстік менюды қосу арқылы «Мәтіндік редактор» қосымшасын түрлендіріңіз.
СӨЖ 3 1. Экранға Пифагор кестесін шығаратын программа жазыңыз. 2. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық жай сандардың тізімін шығарыңыз. 3. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық кемелденген сандардың тізімін шығарыңыз.
Модуль 4. «Графикалық мүмкіндіктер»
Дәріс 12. Құралдар тақталары 12-13 апта
Практикалық сабақ 12. Құралдар тақтасын және қалып-күй жолын құру.
СОӨЖ 12-13. ColBar компонентінің қасиеттері, әдістері және оқиғалары
  Дәріс 13.Delphi-дің графикалық мүмкіндіктері.Графикалық қарапайым элементтерді салу тәсілдері. 14-15 апта
Практикалық сабақ 13.Қозғалысты ұйымдастыру.
СОӨЖ 14-15.Графикалық операторларды өңдеу. Тапсырма 1. «Аққал» бейнесін шығаратын программа жазыңыз. Тапсырма 2. Экрандағы шеңбер центрінің орналасуын және оның радиуысын анықтайтын үш бүтін сан берілген. Егер шеңбер экран центрі арқылы өтетін горизонталь түзумен қиылыспайтын болса, онда берілген шеңберді және осы түзуге симметриялы болатын шеңберді ағарту керек. Тапсырма 3. Төмендегісуреттегі бейнелерді экранға шығаратын және қозғалысқа келтіретін программа жазыңыз.
СӨЖ 4 1. Экранда «Шахмат тақтасын» бейнелейтін программа жазыңыз. 2. «Бағдаршам» иммитациясын жасайтын бағдарлама құрңыз.
  Аралық бақылау 2 (Коллоквиум)    
  Барлығы: дәріс- прак.саб. СӨЖ (СОӨЖ бірге)  
         

Студенттердің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар:

 

Мақсаты: Студенттерді өз бетінше жұмыс жасай білуге дағдыландыру, теориялық білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту, программа құра білуге машықтандыру.

Әдістемелік нұсқау:өздік жұмысты орындау студентке курс бойынша оқылған кейбір сұрақтарын терең түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, студенттер өз бетінше әр тақырып бойынша өздік жұмысты дер кезінде орындап отыру керек. Тапсырмалардың программасын құрып, компьютерде орындағаннан кейін, оны тестілеп нәтижесін оқытушыға көрсетіңіз.

Тапсырмаларды орындау барысында Гофман В.Э., Хомененко А.Д. Delphі 7. – СПб.:БХВ- Санкт-Петербург, 2010.-800с: ил.; Глинский Я.Н., Анохин В.Е., Ряжская В.А. Turbo Pascal 7.0 и Delphі. Учебное пособие.-СПб,2001; Культин Н. Основы программирования в Delphі 7. -– СПб.:БХВ- Санкт-Петербург, 2003; Архангельский А.Я. Object Pascal в Delphі – М.: ЗАО Изд. «БИНОМң, 2002 – 384 с.; Архангельский А.Я. Язык Pascal и основы программирования в Delphі. Учебное пособие – М.: ООО «Бином-Пресс», 2004 – 496с.; Фаронов В.В. Delphі 5. Учебный курс. –М.: 2001., Нуриденова К.Н., Алдабергенова А.О. Программалаудан есептер жинағы:оқу-әдістемелік құрал./ –Талдықорған: ЖМУ, 2012.-233 бет, әдебиет көздерін және Интернет материалдарын пайдаланыңыздар.

 

СӨЖ-дің күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Тапсырмалардың мазмұны Сағат саны Тапсыру мезгілі Бақылау түрі
СӨЖ 1 1. Телефон желісінің қызметі келесі ереже бойынша төленеді: бір айда А минутқа дейін сөйлесу В тг тұрады, ал көрсетілген мөлшерден артық сөйлесу минутына С тг.-мен төленеді. Бір айдағы сөйлесуге кеткен уақыт үшін телефон ақысын есептейтін программа құру керек. 2.Бір үшбұрыштың үш қабырғасы және басқа үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Осы үшбұрыштардың тең болатындығын, яғни олардың аудандары тең болатынын анықтау керек.         Программа коды
СӨЖ 2 1. Небоскреб N қабаттан және тек бір подъезден тұрады; әр қабатта 3 пәтерден; лифт тек тақ қабаттарда ғана тоқтай алады. Адам лифтке отырады да өзіне керек М пәтерінің номерін тереді. Лифт жолаушыны қай қабатқа апарады ? 2. Ойын бағдарламасын құрыңыз. Ол үшін компьютер сізге кездейсоқ екі саннның көбейтіндісін ұсынып, нәтижесі неге тең екендігін сұрасын. Егер сіз дұрыс жауап берсеңіз «Жарайсың», әйтпесе «Көбейту кестесін жатта» деген, соңынан «Ойынды жалғастырасың ба?» деген хабар шығарсын. Ойынды жалғастыру сіздің берген жауабыңызға байланысты болады.             Программа коды
СӨЖ 3 1. Экранға Пифагор кестесін шығаратын программа жазыңыз. 2. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық жай сандардың тізімін шығарыңыз. 3. N бүтін саны берілген. Экранға N-нан аспайтын барлық кемелденген сандардың тізімін шығарыңыз.       Программа коды
СӨЖ 4 1. Массив элементерінің жұп сандарының ең кішісін анықтайтын программа құру. Массив элементтері бүтін сандар. 2. Экранда «Шахмат тақтасын» бейнлейтін программа жазыңыз. 3. «Бағдаршам» иммитациясын жасайтын бағдарлама құрңыз.       Программа коды
  Барлығы    

 

Практикалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар:Студенттер тапсырмалар алып, программасын жазғаннан кейін, программаны жөндеуден өткізіп, тестілеп, анализ жасап, нәтижелерін дәптерлеріне жазып, оқытушыға тексертулері керек.

 

Практикалық жұмыс №1.

Тақырыбы: Delphi ортасымен танысу. Түрлендіру функциялары. Енгізу терезесі. Хабарлама терезесі.

Мақсаты: Объектіге-бағытталған Delphi – программалау тілінде қолданылатын негізгі ұғымдармен танысу, оларды қолдану дағдысын қалыптастыру. Delphi ортасының түрлендіру функцияларымен танысу, оны енгізу терезесі және хабарлама терезесінде шығаратын мәліметтерге пайдалана білу.

Объектілер: Delphi ортасы, форма, InputBox және ShowMessage терезелері

ПЖ: Delphi – программалау ортасы.

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Теориялық мәліметтермен танысу.

Тапсырмалар орындау.

Нәтижесін оқытушыға көрсету.

Бақылау сұрақтары:

1. Алгоритм дегеніміз не? Олардың құрылымы жағынан түрлерін атаңыз.

2. Программа дегеніміз не? Программаның негізгі элеметтері.

3. Object Pascal тіліндегі программа, оның жазылу ережесі.

4. Object Pascal тіліндегі программаның құрылымына тоқталыңыз.

5. Программалаудың кезеңдерін атаңыз, олардың ерекшеліктері?

 

Теориялық мәліметтер.

Delphi ортасымен танысу. Delphi-дің жұмыс алаңы келесі элементтерден тұрады:

1. Негізгі терезе

2. Объектілер инспекторы терезесі

3. Формалар конструкторы терезесі

4. Код редакторы терезесі

5. Компоненттер тармағы терезесі

 

Delphi терезелерiн ауыстыруға, экраннан алып тастауға, өлшемiн өзгертуге болады. Көп терезенiң бар болуына қарамастан Delphi бiр құжатты орта болып табылады, яғни бiр мезгiлде тек бір ғана қосымшамен жұмыс жасауға мүмкiндiк жасайды. Қосымша жобасының аты экранның жоғарғы бөлігінің негізгі терезенің тақырып жолында шығады. Егер негiзгi терезенi жинақтайтын болсақ, онда Delphi-дiң барлық интерфейсiн, сәйкесiнше барлық ашық терезелердi минимизиациялау орындалады. Негiзгi терезенi жапқан кезде Delphi жұмысын тоқтатады. Delphi-дiң негiзгi терезесiнде

-Негiзгi меню

-Саймандар тақтасы

-Компоненттер политрасы бейнеленеді.

Негiзгi меню – Delphi-нiң функцияларына қатысуға арналған командалардың жиынтығын қамтиды.

Саймандар тақтасы – негiзгi менюдiң астында, негiзгi терезенiң сол жақ бөлiгiнде орналасады және негiзгi менюдiң жиі пайдаланатын командаларын шақыратын 15 кнопкадан тұрады. Мысалы: File / Open (Файл/Ашу) немесе Run/Run (Орындау/Орындау).

Негiзгi менюдің көптеген командаларын қосарланған пернелер көмегiмен шақыруға болады. Мысалы, Run/Run командасын F9 пернесі, View/Unit (Қарау/Модуль) командасын Ctrl+F12 пернелері арқылы шақыруға болады.

Барлығы 5 саймандар тақтасы бар.

1. Standart - Cтандартты

2. View - Қарау

3. Debug – Баптау

4. Custom – Пайдаланушы

5. Desktop – Жұмыс столы.

Cаймандар тақтасының бейнелерін басқаруға және олардағы кнопкалар құрамын өзгертуге болады. Бұл әрекеттер саймандар тақтасы облысында тышқанның оң жақ кнопкасын шерткен

кезде шақырылатын саймандар тақтасының жанама менюінің көмегімен орындалады. Саймандар тақтасын Customize диалогтық терезесі арқылы да түзеуге болады.

6. Негiзгi менюдiң астында, негiзгi терезенiң оң жақ бөлiгiнде орналасқан және ол құрылатын формаларда орналасатын көптеген компоненттерден тұрады. Барлық компоненттер әр қайсысы компоненттер политрасында жеке беттерде орналасатын топтарға бөлiнедi, ал компоненттер сәйкесінше жұлдызшалармен (пиктограммалармен) берiледi. Қажеттi бет оның жарлығында тышқанның сол жақ кнопкасын шерткен кезде таңдалынады.

Компоненттер палитрасын Palette Propetties диалогты терезесiнiң көмегiмен түзеуге болады. Бұл терезе компоненттер палитрасының контекстi Propetties командасымен шақырылады немесе негiзгi менюден Component / Configure Palette шақыру арқылы реттеуге болады. Бұл терезе өшiру, қосу, басқа компоненттерге тасымалдау т.с.с операциялар орындауға мүмкiндiк бередi және компоненттер бетiнен тасымалдауға, өшiруге мүмкiндiк жасайды. Palette Propetties диалогтты терезесiнiң сол жақ тiзiмде беттердiң аты, ал оң жағында таңдалған беттiң атауы болады. Тiзiмнiң төменгi жағында орналасқан кнопкалар көмегiмен келесi әрекеттердi орындайды:

- Бет қосу;

- Бетті өшiру;

- Беттің атын өзгерту;

- Беттi немесе компоненттi бiр позицияға жоғарлату;

- Беттi немесе компоненттi бiр позицияға төмендету;

- Компоненттi жасыру;

Формалар конструктор терезесi алғаш кезде экранның центрiнде орналасады және тақырыптан тұрады. Онда формалар жобалау орындалады. Формаға компоненттер политрасынан қажеттi элементтер орналасады.

Код редакторы терезесi. Программалау жүйесiн жүктеуден кейiн формалар конструкциясының астында орналсады. Бұл терезе өнделетiн қосымша модулiнiң бастапқы текстiсiнен тұрады. Form1 жаңа формасы үшiн Unit1.pas бетi болады.

Код редакторы қарапайым текстiк редактор сияқты, оның көмегiмен модуль тексiн және қосымшаның басқа да текстiк файлдарын түзетуге болады. Формалар конструкциясымен код редакторы терезелерiне ауысу F12 арқылы орындалады.

Кодты сiлтеу терезесi. Код редакторы терезесiнiң сол жағынды орналасады. Онда тармақ түрiнде формалар модулiнiң барлық обьектiлерi бейнеленедi. Кодты сiлтеу терезесiн алып тастау үшiн Automatically Show Explorer (сiлтеудi автоматты түрде бейнелеу ). Жалаушасын Tools (құралдар) командалық менюдегi Explorer дилогты терезесiнен алып тастау үшiн керек. Кодты сiлтеу терезесiн экранға шығару үшiн View Code Explorer (қарау / сiлтеу коды).

Обьектiлер инспектор терезесi негiзгi терезенiң астында сол жақ бөлiгiнде орналасады және ол Form1 кезектегi формасы үшiн қасиетi мен оқиғасын белгiлейдi. Бұл терезенi экранға орналастыру үшiн

View / Object Inspector командасын немесе F11 пернесiн басу керек. Обьектiлер инспектро терезесi екi беттен тұрады.

1. Properties (қасиет).

2. Events (оқиға).

Properties бетi формалар конструкторы терезесiндегi кезектегi компонент туралы ақпаратты бейнелейдi.

Ал Events бетi көрсетiлген оқиғада компонент орындайтын процедураны анықтайды.

Түрлендіру функциялары. Енгізу терезесі. Хабарлама терезесі.

Мақсаты: Delphi ортасының түрлендіру функцияларымен танысу, оны енгізу терезесі және хабарлама терезесінде шығаратын мәліметтерге пайдалана білу.

Объектілер: Delphi ортасы, форма, InputBox және ShowMessage терезелері

Теориялық мәлімет. Түрлендіру функциялары көп жағдайда ақпаратты енгізу және шығаруды қамтамасыз ететін нұсқауларда пайдаланылады.

Шығару өрісінде real типті айнымалының мәнін шығару үшін санды символдар жолына түрлендіру керек. Object Pascal-да жиі пайдаланылатын түрлендіру функциялары 5-ші кестеде көрсетілген.

1-ші кесте.Түрлендіру функциялары

Функция Функцияның мәні
IntToStr(n) StrToInt(str) FloatToStr(n) StrToFloat(str) Round(n) Trunс(n) Frac(n) Int(n) DateToStr(Date) TimeToStr(Time) StrToDateTime(str) StrToDate(str) StrToTime(str) UpperCase(str)   LowerCase(str) n бүтін типті жолға түрлендіру Str жолын бүтін санға түрлендіру n нақты өрнектің мәнін жолға түрлендіру Str жолын нақты санға түрлендіру n-ді бүтінге дейін дөңгелектеу n-ң бүтін бөлігін алу n-нақты санының бөлшек бөлігі n нақты санының бүтін бөлігін көрсету мерзімнің мәнін жолға түрлендіру уақыттың мәнін жолға түрлендіру Str жолын мерзім және уақыт форматында көрсету Str жолын мерзім форматында көрсету Str жолын уақыт фоматында көрсету Str жолының символдарын жоғары регистр симвлодарына түрлендіру Str жолының символдарын төменгі регистр символдарына түрлендіру

 

Енгізу терезесі - Inputbox функциясын шақыру нәтижесінде экранда пайда болатын стандартты сұхбатты терезе. Inputbox функциясының мәні – қолданушы енгізген жол болады.

Жалпы түрде Inputbox функциясын пайдаланып мәліметтерді енгізу нұсқауы:

Айнымалы:=Inputbox (Тақырыбы, Түсініктеме, Мән );

мұндағы айнымалы – қолданушы енгізетін жолдың типті айнымалы;

Тақырыбы – енгізу терезесінің тақырыбы;

Түсініктеме – түсініктеме хабарламаның мәні;

Мән – енгізу өрісінде шығатын мәтін.

Төменде халықтың тығыздығын табу программасы үшін бастапқы мәліметтерді алуға болатын нұсқау келтірілген.

n:=Inputbox(‘Халықтың тығыздығы’,’тұрғындар санын енгізіңіз’,’0’);

Хабарламасы бар терезені экранға шығаруды ShowMessage процедурасы немесе MessageDlg функциясының көмегімен орындауға болады.

ShowMessage процедурасы экранға мәтіннен және ok командалық батырмасынан тұратын терезені шығарады.

ShowMessage процедурасының жазылу форматы:

ShowMessage (‘хабарлама’);

мұндағы хабарлама – терезеге шығатын мәтін.

 

Тапсырма.

Delphi ортасын жүктеңіздер.

1. Мына өрнектерді енгізу шығару терезелерін қолданып есептеңіздер:

a)

b)

c)

d)

e)

f) x -

g) ln

h)

i)

j)

k)

l)

m)

n)

Пайдаланылатын әдебиеттер

 

1. Гофман В.Э., Хомененко А.Д. Delphi 5. – СПб.:БХВ- Санкт-Петербург, 2011.-800с: ил.

2. Нуриденова К.Н., Алдабергенова А.О. Программалаудан есептер жинағы:оқу-әдістемелік құрал./ –Талдықорған: ЖМУ, 2012.-233 бет

3. Глинский Я.Н., Анохин В.Е., Ряжская В.А. Turbo Pascal 7.0 и Delphi. Учебное пособие.-СПб,2001

4. Культин Н. Основы программирования в Delphi 7. -– СПб.:БХВ- Санкт-Петербург, 2003

5. Архангельский А.Я. Object Pascal в Delphi – М.: ЗАО Изд. «БИНОМ», 2002 – 384 с.

6. Архангельский А.Я. Язык Pascal и основы программирования в Delphi. Учебное пособие – М.: ООО «Бином-Пресс», 2004 – 496с.

7. Фаронов В.В. Delphi 5. Учебный курс. –М.: «Нолидж», 2001.- 608с.

 

 

Практикалық жұмыс №2. Label, Edit, Button, RadioButton компоненттері.

Валюта айырбастау туралы есеп. Сызықтық алгоритмдерді программалау.

Обьектілер: редактрлеу өрістері, қайта қосқыштар және олардың қасиеттері. Тармақталуды программалау.

Жұмыстың мақсаты: Ақша айырбастау пунктінің сәйкес операцияларын модельдеу үшін «Валюта айырбастау» атты форма құру. Редактрлеу өрістері (Edit) мен қайта қосқыштарды (RadioButton, радиобатырма) және есептеу мен программадан шығуды орындайтын батырмалады қолдану (форма үлгісі 8-ші суретте көрсетілген).

Теориялық мағлұмат. Редактрлеу өрісі (Edit) обьектісі пернетақтадан символдар жолын енгізу үшін қолданылады. Пайда болған жолды (Text қасиеті) санға немесе санды жолға түрлендіру қажет болған жағдайда Pascal-да Vаr және Str стандартты функциялары немесе Delphi ортасынын функциялары: StrToFloat немесе FloatToStr пайдаланады. Бізге белгілі қасиеттерден басқа Edit редактрлеу өрісі мына қасиеттерге ие:

Қасиет Қасиетті сипаттау Мәндер мысалы
CharCase Редактрлеу өрісіне енгізілетін символдар түрлері ecNormal (қарапайым), ecUpperCase (Бас әріптер), ecLowerCase (жолдық әріптер)
CtL3D Обьектінің көлемді бейнесі True, False
  PasswordChar   Парольді енгізу символы #0 (мәтіннің кәдімгі бейнеленуі), * ( мәтін жұлдызша түрінде бейнеленеді), 0 (мәтін нольдермен бейнеленеді)
  Readonly Мәтінді өзгерту мүмкіндігі (өрістің рұқсаттылығы) True (мәтінді өзгертуге болады), False (мәтінді өзгертуге болмайды)
  Hint Тышқанды алып келгенде шығатын көмек сөз   «Соманы енгізіңіз» (символдар жолы)
ShowHint Көмек сөзді көрсету / көрсетпеу True, False
Text Редактрлеу өрісіндегі мәтін «0,001» (символдардың еркін тізбегі)

Қайта қосқыш (RadioButton) бірнеше әрекет ішінен біреуін тандау үшін пайдаланылады. Қайта қосқыштың мына қасиеттерін қарастырайық:

Қасиет Қасиетті сипаттау Мәндер мысалы
Checked қайтақосқыш күйі True (тандалынған), False (тандалынбаған)
TabOrder Tab түймешегімен обьектілерді тандау реті 0 (бірінші), 4 (бесінші)
  TabStop Берілген обьектіге табулярдың рұқсаты True (рұқсатты), False (рұқсатты емес)

 

Жұмыстың барысы

1. Delphi визуалды программалау ортасын жүктеңіздер

2. Программа терезесінің өлшемін өзгерту мүмкіндігінен бас тартыныз, оны форманың BorderStyle қасиетіне bsDialog мәнін орнату көмегімен жасаңыз.

Бұл мәнді орнатқаннан кейін программаны орындап, форма өлшемін өзгерте алмайтынына көз жеткізіңіз. Терезені үлкейту және кішірейту батырмаларының және жүйелік менюдің жоғына назар аударыңыз. Программа жұмысын аяқтаңыз.

3. Формаға суретте көрсетілгендей RadioButton типті екі обьектіні орналастырыныз. Ол үшін Dеlphi-дің негізгі терезесіндегі компоненттер палитрасының Standart бетінде орналасқан RadioButton (қайтақосқыш) типті обьектінің пиктогроммасын шертіңіз. Одан кейін формадағы қайтақосқыштың орналасу нүктесіне шертіңіз. Дәл осы әрекетті екінші радиобатырманы орналастыру үшін де орынданыз.

4. Екінші қайтақосқыш активті болатындай бастапқы мән беріңіз. Ол үшін оң жақтағы қайтақосқышты шертіп, оның Checked (таңдау контролі) қасиетіне True мәнін қойыңыз.

5. Формаға екі Edit1 және Edit2 редактрлеу өрістерін орналастыр. Ол үшін компоненттер палитрасының Standart бетінде орналасқан Edit типті обьектінің пиктограммасын шертіп, содан кейін форманың керекті жеріне шертіңіз. Екінші обьектіні қойыңыз (7-ші сурет). Программаны іске қосып, форма бетіне қойылған обьектілермен жаттығыңыз. Редактрлеу өрісін шертіп, кез келген санды енгізіңіз де оны өшіріңіз. Программа терезесін жабыңыз.

6. Формаға екі Label1 және Label2 мәтіндік өріс орналастыр (7-ші сурет).

7. Формаға екі редактрлеу өрісі Edit3 және Edit4 орналастыр (7-ші сурет).

8. Button типті екі батырма қойыныз (7-ші сурет).

9. Формаға тағы екі мәтінді к өрісті Label3 пен Label4 алып қоямыз (7-ші сурет).

10. Өз бумаңызға FileÞ SaveAll командасының көмегімен құрылған форманы сақтаңыз. Программа мәтіні мен жоба файлдарын әртүрлі атпен атаңыз. Аттарды есепке жазыңыз. Кейін периодты түрде, мысалы жобаны кезектегі орындау алдында, программаның барлық файлдарын сақтаңыз. ( FileÞ SaveAll, файл аттарын енгізу енді қажет емес).

11. Форманың атын «Form1»-ден «Валюта айырбастауға»-ға ауыстырыңыз. Ол үшін форманың Caption қасиетінің мәнін ауыстыру керек. Object Inspector терезесінің Caption қасиетін шертіңіз. Форма атын тырнақшасыз енгізіңіз. Көптеген обьектілер үшін (Label, Button, Form, RadioButton, CheckBox және т.б.) Caption және Name қасиеттерінің мәндері сәйкес келетініне назар аударыңыз.

12. RadioButton, Label және Button типті обьектілердің Caption жазуларын 8-ші суреттегід




©2015 studenchik.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.